ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сүйікті қалам жас суретшілердің жұмыстарында
03-07-2020 09:42
Сүйікті қалам жас суретшілердің жұмыстарында

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар көркем сурет мектебі Қала күніне арналған «Менің сүйікті қалам - Павлодар» атты онлайн блиц-байқауын өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10 - 15 жас аралығындағы 30-дан астам балалары қатысты.

  Оқушылар суреттерінде көшелер, үйлер, скверлер, ескерткіш орындар, қаланың көрікті жерлері, павлодарлықтарға қымбат және таныс адамдар бейнеленген. Қатысушылардың суреттері әдемі көрінді және әр түрлі техника мен стильде орындалған.

   Блиц-байқаудың барлық қатысушыларының ішінен «Батырмолдағы демалыс күндері» суреті үшін №26 ЖОМ 5 сынып оқушысы Куциль Арина І орынды иеленді. «Мен өз қаламды, туған Павлодарды жақсы көремін. Отан сенің үйіңнің қанатынан, туған көшелеріңнен, жүрегіңнің сүйікті жерлерінен басталады. Суретті сауда орталығына арнадым, ол маған ашылған уақыттан бері ұнайды», - дейді байқау жеңімпазы.

   II орынға «Павлодардың орталық жағалауы. Сахна» суреті үшін М. Әуезов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Сарсембаева Аянат ие болды. Ол жақын арада біздің қалаға 300 жыл толатынын және менің ұрпағым, жалпы қаланың әрбір тұрғыны туған және өскен жерін білгені және бағалағаны өте маңызды екенін атап өтті.

   III орынды «Менің сүйікті қалам, бәрі жақсы болады!» суреті үшін № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Галипад Эвелина, «Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт» суреті үшін № 19 ЖОМ 5 сынып оқушысы Лиясова Амираалды.