kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2796481
Бір айда108939
Бір аптада22584
Кеше5659
Тәулік272
Демалыста жеке сүйкімділік құпиясымен бөлісуге болады
03-07-2020 09:51
Демалыста жеке сүйкімділік құпиясымен бөлісуге болады

  Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «В зазеркалье  онлайн - 2020» жоба аясында «Секрет моего обаяния» қалалық қашықтық конкурсы өткізілді. Мақсаты - жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын ұйымдастыру, шығармашылық қызметін белсендіру. Конкурсқа қаланың 16 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 8 сыныптың 36 оқушысы қатысты.

   Конкурс қорытындысы бойынша 11 оқушы жүлделі орынға ие болды. І дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ерболат Амина, ІІ дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы  Филатова Эллина, №17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сейлканова Медина, ІІІ дәрежелі дипломмен № 32 ЖОМ 6 сынып оқушысы Коптиевская Ульяна, 8 сынып оқушысы Муратова Аинкар, № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Смагулова Аида, № 39 ЖОМ оқушылары Асанова Екатерина (6 сынып) Кажкенова Амина (5 сынып), № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Алькеева Карина, № 30 ЖОМ 6 сынып оқушысы Брус Тамила, № 30 ЖОМ 6 сынып оқушысы Амиржанова Данияш марапатталды.

   Аминаның сүйкімділік құпиясы қазақтың ұлттық аспабында ойнау, ол домбырада «Таңшолпан» күйін орындады. Эллина бет әрлеуші, ол күндізгі макияж және шаш үлгісін көрсетті. Аинкардың құпиясы, ол дәмді тамақ дайындайды, талғаммен киінеді және шашына әртүрлі күту шараларын жасайды. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады, қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарын алады.