ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Су қоймаларында балалардың өмірін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
16-07-2020 16:50

Балалардың  денсаулығы мен  қауіпсіздігін қамту  және  алдын алу мақсатында Павлодар қалалық білім беру бөлімімен 2020 жылдың 10 маусымынан 30 тамызына дейін төтенше жағдай Департаметі және жергілікті полиция қызметіменбірлесе отырып, күнделікті қала жағажайларында шомылу маусымыда қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар мен ескерту жұмыстарын жүргізу кестесі құрылды.

Осы уақыт аралығында 216 барлау шаралары кезінде 1600 жадынама таратылды. 36 жасөспірім ересектердің бақылауынсыз жағажайда жүргені анықталды. Су қоймаларында ересекердің бақылауынсыз жүрген жасөспірімдермен ата-анасын шақыртып түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кәмелетке толмаған жасөсіпірімдердің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Білім беру мекемелерінің сайттарында судағы қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар мен бейнероликтер қойылған.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен карантин  шараларына байанысты қалалық,қоғамдық жағажайлар жабық. Осыған байланысты жағадайға баруға, шомылуға мүлде тыйым салынған.

Құрметті ата-аналар, Сіздер өздеріңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін тек рұқсат етілген, жабдықталған жағажайларда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып шомылғандарыңыз жөн.

Егер талап етілген ережелер сақталмаса немесе тәртіп бұзылған жағдайда заңға сәйкес шаралар қолданылады. 

 

Павлодар қаласы  білім беру бөлімі