ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар шығармашылығындағы Абай шығармалары
12-08-2020 10:12
Оқушылар шығармашылығындағы Абай шығармалары

   Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2020 жылғы 11 тамызда «Аңызға айналған тұлға» онлайн-конкурс өткізілді. Байқауға қаланың 11 жалпы білім беру мектептерінен (№ 1, 7, 18, 27, 28, 29, 34, 36, 39, 43 ЖОМ, № 20 лицей-мектебі) 5 - 10 сыныптың 15 оқушысы қатысты.

  Байқауға қатысушылар  қызықты бейне-роликтер, презентациялар дайындады, ұлы Абайдың шығармаларын оқыды, оның «Жыл мезгілдері» өлеңін сахналады, пьесалардың қойылымын көрсетті. Абай жастарды қоғамда өз орнын тауып  және алған білімін халыққа надандық пен заңсыздықтан арылуға көмектесу үшін бағыттауды үйретті. Қатысушылар өз жұмыстарында Абайдың қара сөздерін бейнелеуге тырысты. Байқау қорытындысы бойынша 15 талантты оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде I орын - 3 оқушы, II орын - 4, III орын - 8 оқушы.

    I орынға № 34 ЖОМ 6 сынып оқушысы Головчук София, № 39 ЖОМ 9 сынып оқушысы Жумаканова Жұлдыз, № 43 ЖОМ оқушысы Айтуғанова Милана ие болды. Олардың жұмыстары сюжет бірегейлігімен, сапасымен, шығармашылық жолдарымен ерекшеленді. София өз бейне ролигінде «Порой строптивая душа...» Абай өлеңіне костюмдік сахналау, слайдта Абайдың шығармашылық  жолдарын көрсетті. Жұлдыз «Тайны.Судьбы. Имена» фильм-сюжет аясында қазақ даласы туралы қызықты бейне көрсетті, Абай шығармалары, поэзиялары, шығармашылығы туралы айтты, Абай өлеңдері «Көзімнің қарасы», «Что ты ищешь душа?...», «Что тоскуешь?..», «Не стучи руками по домбре…», «Айттым салем», Каламкас», күй мен өлеңдерін әлеуметтік жүйеде қазіргі жастар қалай орындайтыны жөнінде бейне көрсетті. Милана қазақ тілінде әдемі слайдпен сүйемелдеп жазушының шығармашылығы,оның ұлы мұрасы туралы айтты.

   II орынға №1 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кенже Аружан, № 20 лицей- мектебінің 9 сынып оқушысы Апушева Дина, № 27 ЖОМ 7 сынып оқушысы Гирина Анита, № 29 ЖОМ 10 сынып оқушысы Капустянская Арина, III орынға- № 18 ЖОМ 7 сынып оқушысы Агелиев Найля, № 27 ЖОМ 7 сынып оқушысы Черемных Диана, 8 сынып оқушысы Мусина Ажар, № 28 ЖОМ 8 сынып оқушысы Колбасина Дарья, № 36 ЖОМ 6 сынып оқушысы Бейсен Дамиля ие болды.

  Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады және «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары беріледі.