ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың 37 оқушысы челлендж қатысушысы атанды
13-08-2020 09:04
Қаланың 37 оқушысы челлендж қатысушысы атанды

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2020 жылғы 11 тамызда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Ұлы ақын шығармаларының «Абай - руханият сардары» онлайн-челленджі  өткізілді. Мақсаты - оқушыларды қазақтың ұлы ақынының әдеби мұрасына баулу және дәріптеу, патриоттық сезімді қалыптастыру, олардың шығармашылық  мүмкіншілігін іске асыруға қолдау көрсету. Челленджге қаланың 7 жалпы білім беретін мектептерінен 1 - 4 сыныптың 37 оқушысы қатысты (№ 9 мектеп-гимназия, № ЖОМ 7, 17, 27, 35, 43, Б. Момышұлы атындағы).

   Челленджде оқушылар және олардың ата-аналары бейнекамераға тапсырма орындады. Іс-шара барысында қатысушылар ақынның  өлеңдерін, қара сөздерін оқып, әндерін орындады. Роликтердің мазмұны берілген тақырыпқа сәйкес келді.

   Байқау қорытындысы бойынша 37 дарынды оқушы челлендж бойынша өз шеберліктерін көрсетті, оның ішінде 18 қатысушы жүлдегер атанды. I орынға № 35 ЖОМ 4 сынып оқушысы Солтан Мейрлан ие болды. Солтан «Құлақтан кіріп бойды алар»  өлеңінен үзіндіні мәнерлеп   оқып,анасы жағынан туыстарына  эстафетаны берді. Ол «Көмірлер неліктен суға батпайды?» тақырыбына физика және технология бағыты бойынша «Зерде» қалалық ғылыми жоба байқауының  жеңімпазы  (2019 - 2020 оқу жылы).

   II орынға № 35 ЖОМ (5 оқушы), Б. Момышұлы, № 7 ЖОМ оқушылары ,III орынға Б.Момышұлы (3 оқушы), № 43 ЖОМ, № 27 ЖОМ, № 35 ЖОМ (5 оқушы) ие болды.Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады және «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары беріледі.