ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Липецкіде өткен бүкілресейлік академиялық сурет және кескіндеме сайысының жеңімпаздары
14-08-2020 14:56
Липецкіде өткен бүкілресейлік академиялық сурет және кескіндеме сайысының жеңімпаздары

   Павлодар қаласы көркемсурет мектебінің жас суретшілері 2020 жылдың мамыр айында Ресейдің Липецк қаласында Балалар көркемсурет мектептері мен балалар өнер мектептеріне арналып ұйымдастырылған «Дәстүрлер» X бүкілресейлік академиялық сурет және кескіндеме сайысына қатысты. Мақсаты - академиялық сурет салу мектебінің дәстүрін сақтау, дарынды балаларды қолдау және ұстаздарды кәсіби тұрғыда өсуге және өз жұмысының тиімділік көрсеткіштерін арттыруға ынталандыру. Байқауға Павлодар мектебінің 14 қатысушысы академиялық сурет және кескіндеме бойынша (жеміс-жидек, көкөніс, қырғауыл тұлыбы, скрипка, гүлдер, халық тұрмысының заттары бар натюрморттар сияқты) өз жұмыстарын ұсынды.

  Сайыс қорытындысы бойынша 2 оқушы жеңімпаз атанды. ІІ дәрежелі дипломмен «Гармония» кескіндеме бойынша жұмысы үшін 14 жастағы Амина Сафарметова марапатталды. Оның жұмысы «гуашь» техникасында орындалды. Графика техникасындағы «Композитор кеші» суреті үшін III дәрежелі дипломға 14 жастағы Виктория Правдивец иеленді. Жетекшілер Оксана Валерьевна Сидоренко, Елена Ивановна Дистель, мектеп педагогтары, жүлдегерлерді дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.