ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы
18-08-2020 08:24
Республикалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы

    Павлодар қаласының № 30 ЖОМ-нің 1 сынып оқушысы Асқар Анель 200 қатысушы арасында «Абай әлеміне саяхат» республикалық онлайн-конкурсында I орын иеленді. Байқауда Абай Құнанбаевтың «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты өлеңін оқыды. Байқауға № 30 ЖОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі, сынып жетекшісі Нұрғалиева Бақыт Қайырслямқызы дайындады.

  Бірінші сыныпты Анель өте жақсы бітірді, мектептегі сабақтарға өте мұқият дайындалады. Гуманитарлық пәндерге, атап айтқанда қазақ тілі мен әдебиетіне бейімділігі бар. Көркем әдебиетті оқығанды ұнатады, Музафар Әлімбаев, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев қазақ ақындары мен жазушыларының поэзиясына қызығушылық танытады. Мектептің іс-шараларына белсенді қатысады. «Менің сүйікті мультфильмім», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» суреттер сайыстарына қатысты. Анельде есте сақтау қабілеті мен зейініжақсы дамыған. Сөздік қоры мол, стандартты емес ойлауды қажет ететін шығармашылық тапсырмаларды орындауды ұнатады (ребустар, кроссвордтар, логикалық жұмбақтар). Жалпы даму үшін ол латын әліпбиін өз бетінше оқи бастады, оқығандар негізінде шағын әңгімелер жазуға зейіндіболды. Анель сыныпқа тән көрсеткіштен асып, бәрінен жақсы оқиды, сондықтан оған үлкен өлеңдер мен үзінділерді жатқа оқу оңай беріледі, сұрақтарға дәйекті жауап береді. Мектепте оқушылармен тезтіл табысады.