ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дайындық барысында балаларға көмек көрсету жалғасуда
19-08-2020 22:28
Мектепке дайындық барысында балаларға көмек көрсету жалғасуда

   «Мектепке жол» республикалық акциясын жүзеге  асыру аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімімен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына мектепке дайындыққа  көмек көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні төртжарыммыңнан астам бала мектепке дайындық бойынша көмекке мұқтаж. Акцияға қатысу үшін мемлекеттік органдардың басшыларына, қалалық мәслихаттың депутаттық корпусына, кәсіпкерлерге хаттар жолданды. Жалпыға міндетті оқу мен демеушілердің ақшасына аз қамтылған отбасылардың балалары, жетімбалалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепте оқуға қажетті заттар, кеңсе  тауарлары сатып алынады.

   «Мектепке жол» республикалық акциясы  аясында 2020 жылдың 1 қыркүйегінде еліміздің көптеген оқушылары үшін білім алу жаңа жағдайда басталады. Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген волонтерлер «Асар» еріктілер бірлестігінің төрағасы Рафаэль Жансұлтановтың бастамасын қолдады, ол өңірлік және қоғамдық көшбасшылармен, Ұлттық волонтерлік желі  мүшелерімен бірлесіп, жиналған қаражатты Павлодар қаласындағы «Мектепке жол» акциясын қолдауға жұмсауға шешім қабылдады. Осы акция аясында Жетекші ЖОМ (9), № 40 мектептің (11), Кенжекөл ЖОМ (16) аз қамтылған отбасыларының 36 бірінші сынып оқушысы үшін кеңсежабдықтары бар мектеп рюкзактары сатып  алынды. «Еріктілер балаларға кеңсе  тауарлары салынған мектеп сөмкелерін табыстады. Сонымен қатар, мектептер Ұлттық еріктілер желісі атынан байланыссыз термометрлер, аспаптар мен антисептиктер  алды. Ұлттық волонтерлік желі  мүшелері мен төрайымы Вера Кимге Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша көпжылдық жұмысы үшін ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді», - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы  Сағындық Шакенов.

   «Мектепке жол» акциясына бей-жайқарамайтын азаматтардың қатысуы үшін Павлодар қаласының білім беру бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз (телефоны 32-77-80).