ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың қосымша білім беру педагогтарының тамыз форсайт-сессиясы
19-08-2020 14:25
Қаланың қосымша білім беру педагогтарының тамыз форсайт-сессиясы

   Білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық форумы аясында Zоом интернет платформасында «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етудің тиімді жолдары» атты форсайт-сессиясы өтті. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  қосымша білім беретін 348 педагогі қатысты.

  Педагогтармен вебинарлар 5 бағыт бойынша өтті. Техникалық бағыттағы жұмысқа жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагогтары қатысты. Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде музыкалық бағытқа мектептің 94 педагог қатысты. «Жігер» балалар жасөспірімдер клубына жалпы білім беретін мектептердің және спорт бағытындағы қосымша білім беру ұйымдарының, балалар аула клубтарының 90 педагогі қатысты. Экология және туризм балалар орталығында экологиялық және туристік-өлкетану бағытында қаланың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының 50-ден астам педагогтары қатысты. Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде көркемдік бағытта мектептің 54 педагогі қатысты.

  Секцияларда 42 спикер баяндама жасап, тәжірибе алмасты. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы Трубецкая Ксения Игоревна, «Музыкалық колледж - музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқытушысы Шейкина Кира Викторовна, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының докторы, қауымдастырылған профессор Мануковский Анатолий Васильевич, Павлодар облысы дәстүрлі каратэ-до және кобудо Федерациясының Президенті Никитин Владислав Николаевич, Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Сабирова Венера Бағланқызы сияқты модераторлар сессияның жемісті жұмысын және сөз сөйлеген педагогтардың сапалы дайындығын атап өтті.

   Вебинар қорытындысы бойынша үздік баяндамалары үшін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен 23 қосымша білім беру педагогі марапатталды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Касенуалиева Маржан Қуандыққызы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы менеджмент бойынша ұсынымдармен қорытынды жасады.