ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық педагогтар білім беру парадигмасын өзгерту және қашықтықтан оқыту форматында білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
21-08-2020 14:28
Павлодарлық педагогтар білім беру парадигмасын өзгерту және қашықтықтан оқыту форматында білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

  Тамыз педагогикалық оқулары шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі қашықтық форматында ZOOM интернет платформасы арқылы 2020 жылғы 18 - 21 тамыз аралығында XV қалалық педагогикалық марафонды өткізді. Жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру мекемелерінің 3000-нан астам педагогтары қатысты.

   Тамыз оқуларының бағдарламасы пленарлық отырыс өткізу және педагогикалық қызмет бағыттары бойынша секциялардың жұмысын қамтыды. Білім беру парадигмасының өзгеруі жағдайындағы менеджмент мәселелері, қашықтықтан оқыту форматындағы білім беру сапасын қамтамасыз етудің тиімді жолдары, карантиндік шаралар жағдайында жаңа оқу жылындағы оқыту мен тәрбиенің ерекшеліктері қарастырылады.

 Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің, балабақшаларының, мектептен тыс білім беру мекемелерінің директорлары, директор орынбасарлары, әдіскерлері, педагогтары үшін «Заманауи білім - жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты интерактивті секциялардың модераторлары - Павлодар мемлекеттік педагогикалық, Инновациялық Еуразиялық, Павлодар мемлекеттік университеттерінің, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының оқытушы қызметкерлері, облыстық білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы мен қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары, директор орынбасарлары мен қалалық шығармашылық топтардың басшылары, әдістемелік бірлестіктердің, қаланың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтары болды.

   Білім беру парадигмасын өзгерту және қашықтықтан оқыту форматында білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзекті диалог өтті, авторлық бағдарламалар, жобалар ұсынылды. Педагогтар инновациялық тәжірибелерімен және білім беру мазмұнын жаңарту бойынша әдістемелік идеялардың жобаларымен, кәсіби өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша шығармашылықпен жұмыс істейтін қала педагогтарының әзірлемелерімен, жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу нәтижелерімен бөлісті. Алгоритмдер мен цифрлық платформалар, қосымшалар таныстырылды, мұғалімдерге, психологтарға, әлеуметтік педагогтарға, ата - аналар мен оқушыларға қашықтықтан оқыту, кері байланысты жүзеге асыру, бағалау жүйесі, 1 - 4 сыныптардағы «кезекші сыныптардың» жұмысын ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, карантиндік шаралар жағдайында оқушылардың, ата-аналардың, педагогтардың денсаулығы мен өмірін сақтау және қамтамасыз ету бойынша нормалар мен талаптарды сақтау үшін ұсыныстар берілді.

   Педагогтердің әдістемелік және зерттеу қызметін үйлестіру, тәлімгерлік және менторинг тәжірибесін дамыту мәселелері талқыланып, айтылды, конференция қатысушылары 2020 - 2021 оқу жылында білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты.

   40-тан астам секцияларға білім беру ұйымдарының 3000-нан астам педагогтары: оның ішінде қала мектептерінің педагогтары мен басшыларына арналған 28 секция, қосымша білім беру педагогтарына арналған 10 секция - 348 қатысушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына - 84, сынып жетекшілеріне - 100, әлеуметтік педагогтарға - 42, психологтарға - 69, тәлімгерлерге - 35 және мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары мен қызметкерлеріне арналған 5 секция -367 әдіскер, тәрбиеші, инклюзивті білім беру және тілдік пәндер педагогтері қатысты.

   Қалалық «Үздік баяндама» конкурсының қорытындысы бойынша қала мектептері педагогтарының 470 жобасы мен баяндамаларының 167 жұмысы, мектепке дейінгі мекемелердің 21 тәрбиешісі мен педагогі, қосымша білім берудің 38 педагогі, психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері тамыз оқуларының электрондық жинағына кіреді және практикада қолдану үшін білім беру ұйымдарына жіберіледі. 225 жоба және сөз сөйлеу авторлары «Үздік баяндама» грамоталарымен, 65 алғыс хаттармен мектеп директорларының орынбасарлары, шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, қаланың жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық қызметкерлері, республикалық Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жаттықтырушылары, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО республикалық АҚ филиалының оқытушылар және жаттықтырушылар құрамы марапатталды.