ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстанның ең үздік кубері
24-08-2020 10:42
Қазақстанның ең үздік кубері

  Павлодар қаласы № 24 ЖОМ 10 сынып оқушысы Дамир ЖанатаевҚазақстанның ең үздік кубері.Дамир спиткулингпен2017 жылдан бері айналысады. Ол 14 жастан бастап Интернет желісіндегі Рубик текшесі бойынша бағдарламалар мен қосымшаларды өздігінен қарап, спиткулингке қызығушылығы оянады.

  Осы аралықта Дамир  жалпы алғанда 36 халықаралық дәрежедегі медаль иеленді, одан 9 алтын, 12 күміс және 15 қола медаль. Дамир 7 ұлттық рекордқа ие болды.Бұл жасөспірімдер арасындағы үздік нәтиже.

  Әуесқойлығының алғашқы кезеңінде Дамир куберді 5 - 6 минутта жинайтын, қазіргі оның нәтижесі - 8 секунд. Қазіргі таңда Дамир өзі Павлодар қаласы куберлер клубының жаттықтырушысы.Спиткулингпен бірге дәлдік ғылыммен айналысады, мектепте үлгерімі жақсы, ағылшын тілін жақсы меңгерген. Дамир өзінің болашағын спиткулингті дамытуда көреді, осы әуесқойлығын болашақ мамандығына айналдыруға ұмтылысы бар. Жасөспірім спиткулингпен қатар ребустарды, ойжұмбақтарды, логикалық тапсырмаларды шешуді және әртүрлі жағдаяттарды қолданумен компьютерлік ойындар ойнауды да жақсы көреді.