«Мектепке жол» республикалық акциясын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімімен мектепке дайындықбойынша балаларға көмек көрсету жалғасуда. Акцияға қатысу үшін қоғамды, кәсіпкерлерді баулу жұмыстары жүргізілуде. Акцияға Павлодар қаласының «NFCKazakhstan» ЖШС, бас директоры Цин Цзинман белсенді қатысты. Компания 30 бірінші сынып оқушылары үшін,азқамтылған, көп балалы отбасыларының балаларына кеңсежабдықтары, мектеп рюкзактарынсатып алды.
«NFCKazakhstan» ЖШС ұсынылған сыйлықтары үшін алғыс білдіреміз. Қазіргі уақытта 3000 мыңнан аса балаға көмек көрсетілді. Оқу жылының басталуына аз уақыт қалды, «Мектепке жол» акциясына бей-жай қарамайтын азаматтардың қатысуы үшін Павлодар қаласының білім беру бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз (телефоны 32-77-80).