ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі
28-08-2020 20:33
Павлодар қаласы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі

   Павлодар қаласының педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям мен Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Д. Болатханұлының қатысуымен 2020 жылғы 28 тамызда ZООМ бейне байланысы арқылы өтті. Конференция тақырыбы «Ашық білім және ғылым: коғаммен, үкіметпен, бизнеспен серікестік». Конференция жұмысына ведомстволық бағынысты құрылымдардың басшылары қатысты, Facebook әлеуметтік желісінің көмегімен барлық мүдделі тұлғалар мен білім беру қатысушылары қосылып, өз сұрақтарын немесе түсініктемелерін қалдыруға мүмкіндік алды.

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина «Павлодар қаласының білім беру жүйесін дамыту стратегиясы: шарттардан тиімді нәтижеге» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

   Конференцияда үздік педагогтарға құрмет көрсету рәсімі өтті.

   Павлодар қаласы білім беру жүйесі қызметкерлерінің жоғары шеберлігі үшін:

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасымен:

   Текжанова Ажар Төкенқызы - № 30 ЖОМ директоры, Аленова Салтанат Егінбайқызы - № 11 балабақша басшысы, Шуақбаева Жанар Ниязбекқызы - № 21 ЖОМ орыстілі мен әдебиеті мұғалімі, Дремова Наталья Германовна - № 34 ЖОМ химия мұғалімі, Мырзағалиева Гаухар Жанбайқызы - № 35 ЖОМ география мұғалімі, Нұрекенова Зейнегүл Қаламтайқызы - № 16 лицей-мектебі директорының орынбасары.

   Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен:

  Муратхожина Елена Владимировна - № 9 гимназия-мектебі директорының орынбасары, Рахметова Ляззат Болатқызы - Кенжекөл ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Зуева Лариса Федосовна - № 39 балабақша тәрбиешісі, Капашев Рахметуәли Рашитұлы - экология және туризм балалар орталығының меңгерушісі, Барабанова Ирина Анатольевна - № 82 балабақшаның логопеді, Слямова Сауле Шаимқызы - Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

   Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хатымен:

   Жұмағожина Жанаргүл Нұрланқызы - № 6 балабақшаның тәрбиешісі, Литвинчук Марина Николаевна - № 26 ЖОМ информатика мұғалімі, Серікбаев Әсет Бақытжанұлы - № 16 лицей-мектебінің тарих мұғалімі.

   Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен:

   Иваненко Людмила Викторовна - № 14 ЖОМ өзін-өзі тану мұғалімі, Айтжанов Серік Болатұлы - № 2 ЖОМ денешынықтыру мұғалімі, Желобанова Марина Вячеславовна - № 51 балабақшаның музыка жетекшісі, Айбек Камелұлы- № 35 ЖОМ информатика мұғалімі, Андрусь Елена Анатольевна - № 9 гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Геложутдинова Жанар Зейноллақызы - Қ. Бекхожин атындағы мектептің химия мұғалімі, Баядилова Мейрамгүл Петровна - Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Уалиева Гүлнар Тельманқызы - № 21 ЖОМ музыка мұғалімі, Никитин Владислав Николаевич – «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының педагогы марапатталды.

   Алтын есімдер кітабына енгізілгендер:

   Ажибаева Әлия Әшкенқызы - № 14 ЖОМ бұрынғы директоры, Вольф Людмила Александровна - балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының бұрынғы басшысы, Сәдуақасова Қапиза Сағадатқызы, Кенжекөл балалар музыка мектебінің бұрынғы директоры.

   Тамыз педагогикалық кеңесі аясында қаланың 2,5 мыңға жуық педагог қызметкерлерінің қатысуымен онлайн секциялық отырыстар өтті, 326 баяндама тыңдалды, мұғалімдерге жаңа оқу жылының басымдықтары мен жаңалықтары жеткізілді.