ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Конституция күніне арналған іс-шараларға балалардың қатысуы
28-08-2020 20:35
Конституция күніне арналған іс-шараларға балалардың қатысуы

   Конституция күнін мерекелеу шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ұйымдарында жоспарлы іс-шаралар өткізіледі. Оған қаланың 5000-нан астам оқушысы қатысады.

   Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 17 - 28 тамыз аралығында Конституция күніне арналған онкүндік өткізілді, оған 2000-нан астам оқушы қатысты. Онкүндік аясында лекториялар, сынып сағаттары өткізілді, кітапханаларда «Қазақстанның демократиялық Конституцияға қатысты тарихи жолы» атты кітап көрмелері, «Кішкентай азаматтардың құқығы зор» бейнероликтер челленджі ұйымдастырылды.

   Қаланың мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 2000-нан астам тәрбиеленушілер іс-шараларға белсенді қатысты. Кішкентай азаматтар салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады, балалар мерекеге арналған өлеңдерді жатқа оқыды.Ұлттық жаңғыру мектебінде 30 баланың қатысуымен «Ел бірлігі» атты бейне тұсаукесер өтті. Балалар музыка мектебінде «Нұрлы жол» патриоттық әндер байқауы өткізілді. 100-ден астам талантты балалар қатысты. 24 - 28 тамыз аралығында «Жігер» балалар жасөспірімдер клубында Конституция күніне арналған үздік құттықтауға арналған «Алтын Заңым – ардағым» атты бейне байқау өтті. 120 бала қатысып, құттықтауларында өздерінің армандарын білдірді, тілектерімен бөлісті. 27 тамызда балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Ата Заңым - ардағым» викторинасы өтті. 100-ден астам қатысушы өз құқықтары мен міндеттемелерін білетіндігін көрсетті.

  24 тамыздан бастап 31-ші тамызға дейінбалалар техникалық мектебінде «Еркіндіктің асқақ шыңы - Ата Заң!» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды. 50-ден астам балалар қатысты. Конституция күніне арналған 30 тамыз күні «Мәдени мұра» атты көрмеге балалардың 100-ден астам суреттері ұсынылды, көрменің ұйымдастырушысы Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі.