ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагогтың халық бірлігін нығайтуға және этносаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі
04-09-2020 10:24
Жас педагогтың халық бірлігін нығайтуға және этносаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі

 

Павлодар қаласының № 24 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Смаилов Рамиль Русланұлы, халық бірлігін нығайтуға және этносаралық келісімді сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен марапатталды. Марапатты облыс әкімі Ә. Б. Сқақов табыстады.

Рамиль Русланұлы осы мектептің 2013 жылғы түлегі, мұнда 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Тарих ғылымдарының магистрі, жас ғалымдар кеңесінің мүшесі. Бес жылдан астам С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Кәсіби қызығушылықтарының қатарына: Қазақстан тарихы (1924 - 1991 жылдар), мәдениетаралық коммуникация кіреді. Журналистикамен айналысады, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Ол Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының төрағасы, Павлодар облысы әкімдігінің жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Nur Otan» ХДП белсендісі. Павлодар облысы партиялық кадрлық резерв құрамына кіреді, бастамашысы: «Этникалық тарих сабақтары» жобасы, Павлодар сервис және тамақтану колледжімен және «ERTIS» телеарнасымен бірлесіп іске асырылатын «ЭТНОКУХНЯ» телевизиялық жобасы, «Мәдениетаралық диалог» диалог алаңы. Рамиль Русланұлы әлеуметтік желілерде және БАҚ-та халық бірлігі қағидаттарын танымал етумен айналысады. Осы тақырып бойынша 500-ден астам посттар мен 70 мақаланың авторы.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен, Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Nur Otan» ХДП (2015 - 2019 жылдар) грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті (2018 жыл), тарих ғылымдарының докторы профессор Роза Жұмабайқызы Қадысованы еске алуға арналған «Рухани Жаңғыру» контекстіндегі тарих ғылымы» атты ғылыми-практикалық конференция (2018 жыл), «Павлодар облысының «Жасыл ел» құрылыс және жастар еңбек жасақтарының үздік аймақтық штабы» номинациясы бойынша Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды (2016 жыл). «Менің жетістігім - ел жетістігі» облыстық байқауының «Әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша лауреаты (2015 жыл). Мен үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалін алу үлкен мәртебе. Мен ел үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының ісіне қосқан үлесімнің бір бөлігі екеніме қуаныштымын және мақтанамын. Мен 11 жыл оқыған № 24 мектепте жұмыс істегенімді мақтан тұтамын, мұнда мені тәрбиеледі, қазір өзім тәрбиелеймін. Мұғалім лауазымы мен үшін құрметті ту», - дейді Рамиль Русланұлы.