ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының қызметін қайта жаңғыртқаннан кейін олардың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
04-09-2020 16:09
Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының қызметін қайта жаңғыртқаннан кейін олардың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері

 

«Павлодар облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 16 тамыздағы № 10 қаулының негізінде ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында кезекші топтар ашылды.

Барлық балабақшалар infokazakhstan.kz сайтында тіркеуден өтті тиісті келісімге қол қойды. Балалардың балабақшаға баруы ата-ананың өтініші-келісімі негізінде, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы анықтама болған жағдайда жүзеге асырылады.

ЖРВИ-дің алдын алу және коронавирустық инфекцияның таралуы мақсатында білім беру бөлімі мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмыс алгоритмін әзірлеп, басшылардың назарына жеткізді. Барлық қызметкерлер мен балалардың таңертеңгі тексерісін (дене температурасын өлшеу, денесін тексеру, баланың әл-ауқатын тексеру) ұйымдастыруға бақылау күшейтілді.

Дезинфекциялау іс-шараларын тиімді ұйымдастыру үшін жалпы жинау, желдету, кварцтау, ауыз су режимін қамтамасыз ету кестелері жасалып, бекітілді. ЖРВИ белгілері бар балалар анықталған кезде изоляторда қосымша қорғаныс құралдары қарастырылған. Персонал мен келушілердің қолдарын өңдеу үшін объектіде қол жетімді жерлерде антисептигі бар диспенсерлер, дезинфекциялық құралмен суару әдісімен суланған дезинфекциялық кілемше орнатылған. Балалар мекемелерінде пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, баспалдақ марштарының сүйеніштері, терезе тақтайшаларын, құмыраларды, топтардағы сантехникалық жабдықтарды үш рет өңдеу жүзеге асырылады.

Ата-аналардың назарына, тәрбиеленушілер 3 жұмыс күнінен артық уақыт балабақшаға келмеген жағдайда, олар учаскелік педиатрден денсаулық жағдайы туралы анықтама болған кезде ғана балабақшаға қабылданады.

Бүгінгі күні 82 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 6620 баланы қамтитын 445 кезекші топ жұмыс істейді, бұл балабақшалар мен мектепке дейінгі шағын орталықтарға қабылданған тәрбиеленушілердің жалпы санының 41,4%-ын құрайды.

Ата-аналардың назарына, мектепке дейінгі ұйымдардың штаттық режимде жұмыс істеуге көшуі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен жүзеге асырылатын  болады.