ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету
09-09-2020 09:23
Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету

       Сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету үшін Павлодар қаласында 17376 баланы қамтитын 83 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 72 мемлекеттік балабақша (16490 тәрбиеленуші), 8 жеке меншік (783 бала), 3 мектепке дейінгі шағын орталық (103 бала). 2020 жылдың 1-жартысында Лермонтов көшесі, 99 мекен жайы бойынша «Zerekbala» балалар білім беру орталығы ашылды. Жылдың 2-ші жартысында Ж. Мұса көшесі, 4 мекен жайы бойынша 230 орындық балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда.

         Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи оқу-материалдық база, қажетті жабдықтар, әдістемелік және дидактикалық құралдар бар. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің барлық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдары 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 87%-ға қамтуды қамтамасыз етеді.

      Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жинақтау бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін ерте брондау функциясын енгізу жалғасуда. 2020 жылғы жазғы жинақтау кезеңінде «Indigo-24 kz» автоматтандырылған жүйесінде 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін 4289 мыңнан астам жолдама берілді, оның ішінде 581-ге жуық орын бір жастан үш жасқа дейінгі балалар үшін, 2126 орын екі жастан төрт жасқа дейінгі балалар үшін.

    Қазақ тілінде оқытатын және тәрбиелейтін білім беру мекемелерінің желісін кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3 балабақшаның қызметін мемлекеттік тілге толық аудару жүзеге асырылды, «Zerekbala» балалар білім беру орталығында, Ж.Мұса көшесі, 4 балабақшасында топтар ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Павлодар қаласында қазақ тілінде оқытатын 25 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, онда 5876 бала тәрбиеленуде, 55 мекемеде қазақ тілінде оқытатын топтарда 3131 тәрбиеленуші қамтылған, өзге ұлт балаларының 8% қазақ тілінде оқытатын топтарға барады.

    Соңғы үш жылда инновациялық режимде жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдар желісінің ұлғаюы байқалуда. 2017-2018 жылы инновациялық қызметпен 1732 бала қамтылды (№ 42, 96, 120, 122, 126, 86), қазіргі уақытта инновациялық қызметке 3034 бала енгізілді. Баланың жеке басын қалыптастыруға және оның қабілеттерін дамытуға барлық тәрбие мен оқытуға қатысушылардың – педагогтердің, психологтардың, ата-аналардың кешенді көзқарасы қамтамасыз етілген, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуына белсенді көзқарас жүзеге асырылады.

       Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес қаланың барлық мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға, көп балалы отбасылардан шыққан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда төлем (күндізгі рацион құнының 100 пайызы) жүзеге асырылады. 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан 587 бала тегін тамақтанды, 2019 - 2020 оқу жылы ішінде орта есеппен 1574 тәрбиеленуші осы жеңілдікпен қамтылды.

         «Қазіргі заманғы білім беру жағдайында әрбір мектепке дейінгі мекеме мектепке дейінгі ұйым мен отбасының тиімді серіктестік тетігін құра алатын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін көтере алатын инновациялық жұмыс түрлерін шебер пайдалануы тиіс», - деп атап өтті Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Бақыт Қайроллақызы Қырықбесова.