Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың білім беру ұйымдарындағы Отбасы күні
14-09-2020 09:19
Қаланың білім беру ұйымдарындағы Отбасы күні

Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында отбасы күніне арналған жоспарлы іс-шаралар өткізілді. «Отбасы және отбасылық құндылықтар» отбасының құндылықтары мен дәстүрлері туралы онлайн әңгімелер, лекциялар, кездесулерге 5000-нан астам бала, ата-аналар, жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі және қосымша білім беру мен тәрбие педагогтары қатысты. 5 - 9 сыныптарда «Отбасы - адамгершіліктің алтын қазынасы», «Менің отбасым туралы қызықтар» атты сынып сағаттары өткізілді.

Отбасылық челлендждер, флешмобтар, «Менің отбасым» конкурсын өткізу дәстүрге айналды, оған 1000-нан астам балалар мен ата-аналар қатысты. Жалпы білім беретін мектептерде 10 - 11 сынып оқушылары арасында «Отбасы сіз үшін нені білдіреді?», 8 - 9 сыныптар арасында үздік эссе байқауы - «Берік отбасы - мемлекет тірегі», «Отбасылық дәстүрлер», бастауыш сыныптар арасында - «Отбасым - Отаным» отбасы туралы суреттер байқауы өтті.

17 - 21 қыркүйек аралығында вокал, хореография, спорт бойынша «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауларында «Біздің отбасылық дәстүр», «Отбасы - бақыт мекені», «Отбасы құндылықтары», «Біздің бақытты балалық шағымыз», отбасылық фотоальбомдарда «Менің сүйікті отбасым», «Менің отбасым», «Анам, әкем, мен...!», «Ізгі тілектер еліне саяхат» отбасылық викторинасына 2000-нан астам оқушы қатысты. Мектеп психологтары «Теріс эмоциялармен қалай күресуге боладыә, «Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы» атты тренингтерді өткізді. Жалпы іс-шараға 7000-нан астам қатысушылар қатысты. 12 - 13 қыркүйекте әлеуметтік желілерде «Менің отбасым - менің басты байлығым», «Менің отбасымның сүйікті тағам рецептері» атты тақырыптық бейнероликтері, бірінші сынып оқушылары ата-аналарының «Біз бірге бақыттымыз» атты челленджі және басқа да іс-шаралар көрсетілді. Білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілерінде #отбасыкүні 2020, #деньсемьи2020 бірыңғай хэштегпен жарияланымдар орналастырылды.