ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектептеріндегі ата-аналар жиналысында қашықтықтан оқыту кезінде балаларға қалай көмек көрсету керек
18-09-2020 15:40
Павлодар  мектептеріндегі ата-аналар жиналысында қашықтықтан оқыту кезінде балаларға қалай көмек көрсету керек

2020 жылы 17 қыркүйекте «Қашықтықтан оқыту кезінде балаларға қалай көмек көрсету керек» бірыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы аясында Павлодар қаласының  барлық 42 жалпы білім беру мектептерінің ата-аналарымен бірге мектептің оқу бағдарламасын игеруге балаларға көмек көрсету бойынша бірлескен жұмыс туралы мәселелер талқылады. 

Жиналыста ата-аналарға  балалардың жауапкершілігі және мотивациясын қалыптастыру мәселелері талқыланды, (синхрондық, бейсинхрондық, құрама) форматта оқыту туралы ,мектеп жұмыс істейтін, ақпараттық  платформа туралы айтылды. Интернет жүйесімен қауіпсіз жұмыс және ата-аналар тарапынан бақылауға көп көңіл бөлу қажеттілігі туралы мәселелерге  ерекше көңіл бөлінді.

Жиналыс қорытындысы бойынша қашықтықтан оқыту кезінде балаларға көмек көрсету бойынша ата-аналарға әдістемелік кепілдемелер және электрондық жадынамалар берілді. Жиналысқа қатысудың пайдасы туралы № 34 мектептің 3 сынып оқушысының ата-анасы Сидорова Ирина былай деді: «Маған, ана ретінде карантин шаралары кезінде қызымның психологиялық жағдайын білу маңызды. Оған мектеп  психологының жадынамасы көмектесті. Балаға интернетте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік жөнінде ескерту артық болмайды», Касымжанова Айгүл, 2, 3, 5 сынып оқушыларының ата-анасы былай дейді: «Біздің бір баламыз кезекші сыныпта, екеуі - қашықтықтан оқиды. Жиналыста мен  қашықтықтан оқытуға қатысты жауаптар алдым және  интернет-платформа жұмысының мәнін түсіндім,қалай тапсырмаларды орындап және жіберу керек, мұғаліммен байланысты жүзеге асыру. Денсаулықты сақтандыру бойынша кеңес алдық». Барлығы жиналысқа 29870 аса ата-ана қатысты.