ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
8 павлодарлық мұғалімнің бейне сабақтары республикалық телеарналарда көрсетіледі
22-09-2020 09:30
8 павлодарлық мұғалімнің бейне сабақтары республикалық телеарналарда көрсетіледі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республика бойынша қашықтықтан оқыту форматында телесабақтарды түсіруге 200 мұғалімді, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 15 мұғалімін тартты. Олар педагог-жаңашыл, педагог-шебер, педагог-зерттеуші. Бейнесабақтар «Ел Арна», «Балпан» телеарналарында, youtube арналарында көрсетіледі.

8 қазақ сыныптарында Аринова Динара Холдарқызы (Кенжекөл ЖОМ), 10 орыс сыныптарында - Католина Александра Анатольевна (№17 ЖОМ), 11 орыс сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша Макишева Вера Александровна (№ 26 ЖОМ) бейнесабақтар жүргізеді.

Информатика пәнінен сабақтарды 7 орыс сыныптарында Скляренко Анна Викторовна (№ 29 ЖОМ), 9, 10 орыс сыныптарында - Поляков Илья Олегович (№ 34 ЖОМ), қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 орыс сыныптарында - Садықов Рустам Талғатбекұлы (№ 11 ЖОМ), 10 қазақ сыныптарында - Сыздықова Айнұр Алтынсаринқызы (№ 7 ЖОМ) жүргізеді.

10 орыс сыныптарында тарих сабақтарын Сапонова Ольга Александровна жүргізеді (№ 28 ЖОМ).

Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 6 мұғалімі: орыс тілі бойынша 9 қазақ сыныптарында Жұмабеков Марат Имангелдіұлы (Кенжекөл ЖОМ), ағылшын тілі бойынша қазақ сыныптарында Абрарова Альфинур Юрьевна (№ 35 ЖОМ), орыс сыныптарында Оспанова Ильмира Ерганқызы (№ 13 ЖОМ), Сапарғалиева Риза Аманбайқызы (№ 21 ЖОМ), Дүниежүзі тарихы бойынша орыс сыныптарында Серікбаев Әсет Бақытжанұлы (№ 16 лицей-мектебі), Марзатаев Ерлан Тоқтағұлұлы (№ 34 ЖОМ).

Смаилова Бәтима Сайфуллақызы, № 25 ЖОМ қазақ сыныптарындағы орыс тілі мұғалімі 1 сыныптардағы бейнесабақтарды рецензиялау бойынша республикалық топқа енгізілген.

«Онлайн мектеп» жобасы аясында түсірілімді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Хабар» республикалық телеарнасымен бірлесіп ұйымдастырды. Қазақстан облыстары ұсынған мұғалімдер іріктеу үшін бейнесабақтар ұсынды, содан кейін Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының сарапшыларымен бірге сабақтарға арналған сценарийлер мен тапсырмаларды әзірледі. Дайын сценарийлерді тәуелсіз сарапшылар тексерді, сабаққа арналған презентацияны «Хабар» телеарнасының дизайнерлері өңдеді.

«Онлайн мектеп» жобасы оқушыларға оқу материалын меңгеруге, қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді, білім алуды қолжетімді етеді. Білім алушы сабақты өткізіп алған жағдайда, ол оны әрдайым «Bilimland», online mektep бейне хостинг жүйелерінен немесе білім беру интернет ресурстарынан таба алады.