ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері басшыларының жиналысы өтті
24-09-2020 18:03
Қала мектептері басшыларының жиналысы өтті

2020 жылғы 23 қыркүйекте қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының жоспарлы кеңесінде «Оқу жылының басталуын ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелерінің қызметі туралы», «2020 - 2021 оқу жылында оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету туралы», жаңа оқу жылына арналған жалпы білім беретін мектептердің кадрлық құрамы туралы мәселелер талқыланды. «Ұлттық білім беру деректер базасын (ҰБДҚ) толтыру және қалыптастыру туралы» Павлодар қаласы білім беру бөлімі маманының, «Павлодар Дарыны» жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығы басшысының қала мектептерінің зияткерлік және шығармашылық конкурстарға қатысуын талдау қорытындылары туралы есептері тыңдалды.

Кеңесте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина директорларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді сынып бойынша бөлу және алу кезінде кітапханашылардың қызметіне бақылауды күшейту, кітапхана қорының сақталуына мониторинг жүргізу, объектідегі санитарлық нормаларды сақтау туралы, балалардың мектепте қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алу туралы нақты тапсырмалар берді. Кеңесте ҰБДҚ-ны сапалы толтыру, педагогикалық қоғамдастық арасында ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыру қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және педагогикалық этиканы сақтау туралы ұсынымдар берілді.