ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қашықтықтан оқыту сабақтарын әдістемелік сүйемелдеу
25-09-2020 15:17
Қашықтықтан оқыту сабақтарын әдістемелік сүйемелдеу

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2020 жылдың қыркүйек айында ZOOM платформасында қашықтықтан оқыту форматында «2020 - 2021 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік семинарлар өткізді. Жалпы білім беретін мектептердің 250-ден астам физика, химия, биология, география мұғалімдері қатысты.

Семинарларға қатысушылармен 2020 - 2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық-әдістемелік хаттар, «Орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, «Кроновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» қаралды және талқыланды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. С. Сабитова қашықтықтан оқыту кезінде жиынтық жұмыстарды жүргізу, ТВ-сабақтарды әзірлеу тұжырымдамасы, сынақ сабақтарын өткізу бойынша ұсыныстар берді. Пәндер тізбесі, оқу жүктемесінің көлемі, оқу материалының мазмұны туралы пайдаланылатын ақпараттық материалдар түсіндірілді, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған цифрлық платформалар, ТВ-сабақтар үшін цифрлық білім беру ресурстарының тізбесі берілді.

Жаңа оқу жылына педагогтер қашықтықтан оқыту үшін қалыптастырушы бағалау материалдарын, 11-сыныпқа арналған БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын, интернет платформа арқылы жобалардың интерактивті тапсырмаларын, зертханалық жұмыстарды жүргізу бойынша өлшемшарттар мен балдары бар тапсырмаларды әзірлеу бойынша қалалық шығармашылық топтардың тақырыптарын ұсынды. Әдістемелік кабинет мессенджерлер, чаттар, «Сұрақ - жауап» айдары арқылы қашықтықтан оқытуды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыратын болады.