ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
1-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» жоба және зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының қалалық қашықтық кезеңі туралы
25-09-2020 17:18

2020 жылы 28-30 қыркүйек аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Зерде» жоба және зерттеу жұмыстары республикалық  конкурсының қалалық қашықтық кезеңі өткізіледі. Мақсаты - бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының зерттеу қабілеттерін және зияткерлік- шығармашылық мүмкіншілігін қолдау және дамыту. 

Конкурсқа Павлодар қаласының 40 жалпы білім беру мектептерінің  1 - 7 сыныптың 254 оқушысы қатысады. Қатысушылар өздерінің  шығармашылық  және  зерттеу жұмыстарын  таныстырады.

Конкурс шарты бойынша жоба 9 секциядан тұрады: қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті және ағылшын тілі, математика және информатика,физика және техника, медицина және психология, тарих, өлкетану және этномәдени, химия және  биология, экология, валеология және робототехника.

Әділ қазы құрамында  қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейді.Конкурс  қорытындысы бойынша 1 қазанда жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаланың білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталады және қазан айында конкурстың  облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі