ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің үздік хореографиялық ұжымдары
28-09-2020 17:04
Қала мектептерінің үздік хореографиялық ұжымдары

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқау 2020 жылдың 18 қыркүйегінде М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында өткізілді. Онлайн байқауға қосымша білім беру мекемелерінің және жалпы білім беретін мектептердің 33 хореографиялық ұжымы қатысты, бұл облыстың 20 ұйымынан 188-ден астам қатысушы. Мақсаты - хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Байқауды 10 балдық жүйе бойынша білікті, кәсіби қазылар алқасы бағалады. Онлайн байқау «Халық биі және халықтық-стильдік би (әлем халықтарының билері, Қазақ биі, «Заманауи би» - эстрадалық би, микс-би) номинациясы бойынша өтті.

Байқауға қатысушылар нөмірлердің әртүрлілігімен, костюмдердің әсемдігімен, жеңіске деген ерік-жігерімен қуантты. Барлық командалар жақсы дайындық пен ұйымшылдық деңгейін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің би ұжымдары 3 жүлделі орынға ие болды.

«Халықтық-стильдендірілген би» номинациясында «Катюша» қойылымы үшін I орынды № 21 ЖОМ «Шабыт» би ұжымы иеленді. Ұжым 2000 жылы құрылған, құрамына 5-7 сыныптардың 15 оқушысы кіреді. Бұл ұжымның алғашқы жеңісі емес. Осы кезеңде олар жыл сайынғы «Би бала» халықаралық хореография байқауының жеңімпаздары (2019 жыл), «Creativный - Я» халықаралық көпжанрлы шығармашылық байқауының жүлдегерлері (2020 жыл) - дейді мектеп хореографы Айсина Алия Яминовна.

«Смуглянка» биі үшін III орынды № 17 ЖОМ «Жұлдыздар» би ұжымы иеленді. Ол «Лазурный берег» халықаралық байқау фестивалінің гран-при иегері, «Творческая осень» халықаралық байқау-фестивалінің I дәрежелі лауреаты (2019 жыл), Павлодар қаласында «ZHULDYZ ART» халықаралық би фестиваль - байқауының гран-при иегері (2020 жыл).

«Би қойылымының бірегейлігі» номинациясы № 34 ЖОМ «РитМикс» би ұжымына берілді. «РитМикс» би ұжымы алғаш рет облыстық «Ақ Шағала» байқауына қатысты.