ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті жалпы білім беру үдерісінде педагогтердің өзара әрекеттестігі
07-10-2020 14:28
Инклюзивті жалпы білім беру үдерісінде педагогтердің өзара әрекеттестігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 6 мектептің психологиялық-логопедтік қызметімен бірлесіп онлайн режимде «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық қолдаудың әдіснамалық негіздері және инклюзивті жалпы білім беру кеңістігіндегі педагогтердің өзара әрекеттестігі» атты қалалық семинар өткізді. Шараға жалпы білім беретін мектеп директорларының 90 орынбасары, педагог-психологтар, қала логопедтері, әдіскерлер, дефектологтар, № 6 ЖОМ коррекциялық қолдау кабинетінің педагог-ассистенттері қатысты.

Семинарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістерді және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның әдістемелік ұсынымдарын талқылаумен және түсіндірумен әдіскер, Шолпан Саменқызы Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Алла Федоровна Деревнина сөз сөйледі. Атап айтқанда, нормативтік құжаттарды жүргізу тәртібі, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жеке дамыту мен оқытуға арналған бағдарламалар, бағалау жүйесі, мектепті бітіргені туралы құжаттарды беру, курстық даярлықтан өткені туралы сертификаттары бар мұғалімдер мен психологтарға жалақысына үстемақы төлеу, мектептердің қажеттілігі бойынша балалардың белгілі бір тобының ерекше білім беруді қажет ететін балаларды алып жүру үшін педагог-ассистенттерді енгізу туралы баяндалды. Павлодар қаласының білім беру бөлімі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды сапалы оқыту мен дамытуды, педагогтердің кәсіби өсуін және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды. Бүгінгі күні онлайн режимде 5 - 9 қазан аралығында Павлодар облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалында 39 мектептен 225 педагог 40 сағаттық курстық даярлықтан, 25 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Инновациялық Еуразия университетінде 120 сағаттық бағдарлама бойынша 17 педагог қайта даярлаудан өтуде. 90-нан астам психолог, пән мұғалімдері, директорлардың орынбасарлары, мектеп педагог-ассистенттері 12 қазан мен 16 қазан аралығында Павлодар облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының 40 сағаттық курстарынан өтеді.

Семинар қатысушыларына № 6 мектептің психологиялық-педагогикалық қызметімен ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу тәжірибесі ұсынылды. Мектептің педагог-ассистенті Бейсембекова Мадина Ерсінқызы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған ресурстық сыныпты ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол психологиялық қолдау кабинетінің жұмысындағы педагог-ассистенттің рөлін атап өтті, педагог-ассистенттің алдында тұрған міндеттерге, көрнекі қолдау жүйесін пайдалану туралы тоқталды. Дефектолог мұғалім Джұмадиева Айгүл Жылқыбайқызы «Психологиялық қолдау кабинетінің түзету-дамыту жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ата-аналармен қарым-қатынас және пән мұғалімдерімен ынтымақтастық туралы бөлісті. Ол білім беру мекемелерінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бейімделуі жақсы өтетініне баса назар аударды, өйткені балалар әлеуметтік тәжірибе алады және құрдастарының арасында достар табады. Куратор, психолог, логопед, педагог-ассистент мамандарынан құралған команданың бірлескен жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Мектептің педагог-психологы Марина Васильевна Манякова «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін ұйымдастыру» атты қалалық шығармашылық топтың әдістемелік ұсынымдарының жинағын ұсынды. Семинар материалдары, нормативтік-құқықтық құжаттар, әдістемелік ұсыныстар мектептерге жіберілді.