ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тоғызқұмалақтан республикалық турнирге қатысушылар
08-10-2020 10:02
Тоғызқұмалақтан республикалық турнирге қатысушылар

Х республикалық жазғы гимназиада бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан Қазақстан өңірлерінен 14 құрама команда онлайн турнирге қатысты. Мақсаты - Қазақстанда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау. Турнирді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай өткізді.

Турнир қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы ІІІ орынға ие болды. Команданың құрамында 3 ұл және 3 қыз болды, оның ішінде Павлодар қаласының 11 сынып оқушылары Егінбай Аяжан (№ 39 ЖОМ), Серікова Аяулым (№ 24 ЖОМ). Олар республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте қатысушылары болып табылады.

Аяжан тоғызқұмалақпен 7 жылдан астам уақыт, шахмат үйінің бапкері Райымбекова Роза Қазыбекқызымен айналысады. 2019 жылы Горно-Алтай қаласында өткен «Алтын Алтай» халықаралық жарысында жеңімпаз атанып, Өзбекстанның Нүкіс қаласында өткен халықаралық турнирде II орын алды. «Мұндай жарыстарға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Республикада ойынның жандануы ұлттық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік берді. Мен елімізді халықаралық деңгейде таныстырғанымды мақтан тұтамын», - дейді Аяжан.

Аяулым Семей қаласында Азия чемпионы Жақсылық Алмаз Қабдықадырұлының құрметіне өткізілген тоғызқұмалақтан ашық облыстық турнирдің, Қызылорда қаласында 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионатта тоғызқұмалақтан блиц-турнирдің, Жезқазған қаласында Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Мұхамедиярұлы Байменовтың құрметіне ұлдар мен қыздар арасында Республикалық командалық турнирдің жеңімпазы (2019 жыл). Жеңімпаздар дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен және медальдарымен марапатталады.