ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің жүлдегерлері
08-10-2020 17:31
Облыстық сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің жүлдегерлері

«Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің облыстық турына облыстың қалалары мен аудандарынан 43 білім беру мекемесінен 199 оқушы қатысты. 6 номинация бойынша 227 сәндік-қолданбалы жұмыстар ұсынылды, оның ішінде Павлодар қаласының 11 жалпы білім беретін мектебінен 70 жұмыс. Көрме қорытындысы бойынша қала мектептерінің 2 оқушысы «Тастанды материалдан жасалған бұйымдар» номинациясында жүлделі орындарға ие болды.

II орынды «Менің арманымдағы қала» жұмысы үшін № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Иванова Анна алды. Қазіргі заманғы өнер түріндегі коллажында ол елдің қызықты, әдемі қалалары туралы армандағанын білдірді. Аня бейнелеу өнерін өте жақсы көреді, 5 жастан бастап шығармашылықпен айналысады. Инсталляцияны осы байқауда алғаш рет орындады. Жұмыста мен қағаз, картон, пластикалық бөтелкелер, бояулар, желімді қолданды.

«Үш аю» жұмысы үшін III орынды № 2 ЖОМ 6 сынып оқушысы Байдильдинова Ділназ иеленді. Аюлардың кішкентай мүсіндік формасы фольга мен гипсті қолдану арқылы мүсіндеу техникасында орындалды.