Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың бос уақыты мен дарындылығын дамыту орталығы «Мағжан оқулары» атты қалалық онлайн байқауын өткізді. Байқауға қаланың 38 жалпы білім беретін мектептерінен 5 - 11 сыныптардың 79 оқушысы қатысты. Мақсаты - шығармашылық әлеуетті іске асыруға қолдау көрсету, классикалық әдебиетті оқуға тарту, патриотизм сезімін қалыптастыру, ұлы қазақ ақыны мұрасын кеңінен таныту.
Оқуларда талантты қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті: Мағжанның сүйікті өлеңдерін оқыды, ақынның шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Оқушылардың өнерін жоғары оқу орындарының оқытушылары бағалады. Оқу қорытындысы бойынша 21 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын - 3 оқушы, II орын - 6 оқушы, III орын - 12 оқушы.
«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Нұрғазина Анара марапатталды. Ол «Түс», «Мен жастарға сенемін», «Толқын», «Бір биге бөбектің тілегі», «Достық һәм көз жасы», «Зуһра, осы күнге күй» өлеңдерін жатқа оқыды.
ІІ дәрежелі дипломмен 4 сынып оқушылары Бауыржан Бекзат (№ 18 ЖОМ), Қоқан Фатима (№ 29 ЖОМ) марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен № 7 ЖОМ 5 сынып оқушысы Сыздықова Инабат, № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Темірболатова Анеля, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сансызбай Жадыра, № 28 ЖОМ Драгунчик Арина, Б.Момышұлы атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Амангелді Әсемгүл марапатталды. Ең жас қатысушылар, 4 сынып оқушылары Фатима «Қарағым» өлеңін, Бекзат - «Баланың қабыр тасына» өлеңін жатқа оқыды.
«Толқынмен толқын сырласып...» атты номаницияда І дәрежелі дипломға Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ 5-сынып оқушысы Сүлеймен Нұрфараби ие болды. Ол өзінің «М. Жұмабаев шығармашылығындағы экологиялық білім» атты шығармашылық ғылыми жұмысын ұсынды, онда «Қысқа жол», «Түн еді», «Шойынжол» шығармаларына түсініктеме берді.
ІІ дәрежелі дипломмен № 19 ЖОМ 10 сынып оқушысы Найманбаева Нұргүл, М.Әуезов атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Нұрымбаев Надир марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Мағамет Жібекжан, № 6 ЖОМ 8 сынып оқушылары Нұрғазинова Найля, № 17 ЖОМ оқушысы Қайролла Ақансері, № 40 ЖОМ 5 сынып оқушысы Әмірхан Әлижан марапатталды.
«Ақында бір бала ғой айға ұмытылған» номинациясында І дәрежелі диплом иегері Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Орымбай Шынболат. Ол 2019 жылы қалалық «Махамбет оқулары» байқауында І орын, қалалық «М. Жүсіп оқулары» байқауында ІІ орын алды.
ІІ дәрежелі дипломмен Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Сұраған Арайлым, 7 сынып оқушысы Беркімбаева Сабина марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен № 36 ЖОМ 6 сынып оқушысы Тортаева Камила, 8 сынып оқушылары Күнат Ақерке (№ 38 ЖОМ), Садартинова Айдана (№ 37 ЖОМ) марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификатына ие болды. орын иегерлері байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.