Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
79 павлодарлық оқушылар Мағжанның шығармалары бойынша білімдерін көрсетті
13-10-2020 10:26
79 павлодарлық оқушылар Мағжанның шығармалары бойынша білімдерін көрсетті

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың бос уақыты мен дарындылығын дамыту орталығы «Мағжан оқулары» атты қалалық онлайн байқауын өткізді. Байқауға қаланың 38 жалпы білім беретін мектептерінен 5 - 11 сыныптардың 79 оқушысы қатысты. Мақсаты - шығармашылық әлеуетті іске асыруға қолдау көрсету, классикалық әдебиетті оқуға тарту, патриотизм сезімін қалыптастыру, ұлы қазақ ақыны мұрасын кеңінен таныту.

Оқуларда талантты қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті: Мағжанның сүйікті өлеңдерін оқыды, ақынның шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Оқушылардың өнерін жоғары оқу орындарының оқытушылары бағалады. Оқу қорытындысы бойынша 21 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын - 3 оқушы, II орын - 6 оқушы, III орын - 12 оқушы.

«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Нұрғазина Анара марапатталды. Ол «Түс», «Мен жастарға сенемін», «Толқын», «Бір биге бөбектің тілегі», «Достық һәм көз жасы», «Зуһра, осы күнге күй» өлеңдерін жатқа оқыды.

ІІ дәрежелі дипломмен 4 сынып оқушылары Бауыржан Бекзат (№ 18 ЖОМ), Қоқан Фатима (№ 29 ЖОМ) марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен № 7 ЖОМ 5 сынып оқушысы Сыздықова Инабат, № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Темірболатова Анеля, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сансызбай Жадыра, № 28 ЖОМ Драгунчик Арина, Б.Момышұлы атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Амангелді Әсемгүл марапатталды. Ең жас қатысушылар,  4 сынып оқушылары Фатима «Қарағым» өлеңін, Бекзат - «Баланың қабыр тасына» өлеңін жатқа оқыды.

«Толқынмен толқын сырласып...» атты номаницияда І дәрежелі дипломға Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ 5-сынып оқушысы Сүлеймен Нұрфараби ие болды. Ол өзінің «М. Жұмабаев шығармашылығындағы экологиялық білім» атты шығармашылық ғылыми жұмысын ұсынды, онда «Қысқа жол», «Түн еді», «Шойынжол» шығармаларына түсініктеме берді.

ІІ дәрежелі дипломмен № 19 ЖОМ 10 сынып оқушысы Найманбаева Нұргүл, М.Әуезов атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Нұрымбаев Надир марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Мағамет Жібекжан, № 6 ЖОМ 8 сынып оқушылары Нұрғазинова Найля, № 17 ЖОМ оқушысы Қайролла Ақансері, № 40 ЖОМ 5 сынып оқушысы Әмірхан Әлижан марапатталды.

«Ақында бір бала ғой айға ұмытылған» номинациясында І дәрежелі диплом иегері Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Орымбай Шынболат. Ол 2019 жылы қалалық «Махамбет оқулары» байқауында І орын, қалалық «М. Жүсіп оқулары» байқауында ІІ орын алды.

ІІ дәрежелі дипломмен Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Сұраған Арайлым, 7 сынып оқушысы Беркімбаева Сабина марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен № 36 ЖОМ 6 сынып оқушысы Тортаева Камила, 8 сынып оқушылары Күнат Ақерке (№ 38 ЖОМ), Садартинова Айдана (№ 37 ЖОМ) марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификатына ие болды. орын иегерлері байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.