Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Абай оқулары» конкурсының қалалық кезеңі туралы
14-10-2020 10:44

2020 жылы 4-қараша күні  сағат 11.00-де  Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қаланың жалпы білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары»  республикалық  оқуларының қашықтық қалалық кезеңі өткізіледі.  Мақсаты   – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Талантты  оқушыларды қолдау.

 Конкурс  6 номинация бойынша өткізіледі:

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай өлендерін жатқа оқу.

«Абайдың қара сөздері» - Абай қарасөздерін мәнерлеп  оқу.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармалары бойынша мәнерлеп  оқу.

«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар сайысы (өзі  шығарған  тақпақ, өлең, күйін)  ұсынады.

«Ұлылар әлемі» - эссе сайысы.

Әділ қазы құрамында қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаланың білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады. І дәрежелі диплом иегерлері облыстық кезеңге қатысады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі