Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 14 қазанда Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін семинар өткізді.
Семинар жұмысына Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы медициналық-психологиялық көмек қызметінің меңгерушісі Светлана Алексеевна Столяревская қатысты. Ол кәмелетке толмағандармен қашықтықтан оқыту кезеңінде психологиялық-алдын алу жұмысы, жасөспірімдерге қатысты қатыгез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы ұсыныстар берді. Қаланың мектеп психологтары әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ирина Владимировна Карпова оқушылардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша мектептің психологиялық қызметінің жұмыс жүйесі туралы айтып берді. № 14 ЖОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Киргеева Гүлнара Қабылқызы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектептегі өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жасөспірімдермен алдын алу жұмыстары бойынша ұсыныс материалдар берілді.