«Бұл - менің Қазақстаным!»
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арнап, 2 желтоқсан күні, балабақшамыздың әр тобы «Бұл - менің Қазақстаным!» тақырыбында ұжымдық жұмыстарын дайындады. Бұл жұмыстар коллаж, дәстүрден тыс жапсыру, макет құрастыру түрінде әзірленді. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады..