19 желтоқсанда «№ 86 сәбилар бақшасы – «Baby Land» ДШСО» КМҚК-да өз қолдарымен жасалған таңғажайып киім үлгілерінің көрсетілімі өтті. Көрермендерге қоқыс салуға арналған дорбалар, газеттер, пакеттер, картон қораптар, пластик тәрелкелер мен қасық, шанышқылардан қолда бар құралдардан дайындалған киім үлгілері ұсынылды. Жас модельдер - № 9, 30, 86, 112 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері тырысып бақты, ал көрермендер ду қол шапалақпен қолдау көрсетті. Ата-аналар сайыс дайындығына белсенді қатысып, ерекше шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Костюм жасауда қолданылатын материалдар мен көріністердің алуан түрлілігі таң қалдырды.
Шығармашылықты педагогтер де танытты. Олар балаларға нағыз мереке ұйымдастырды - көңілді музыка ойналды, костюмдер көрсетілімі дефиле түрінде өтті, әр модельдің шығуы жүргізушінің түсініктемесімен сүйемелденді. Мереке кейіпкерлерінің ешқайсысы қазылар алқасының назарынан тыс қалмады - барлық қатысушылар құрмет грамоталарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Жаңа жылдық дефиле