Телефон доверия
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Адрес: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
daily from 10.00 to 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Табиғат және біз»
23-06-2017 01:44
«Табиғат және біз»

     Біздің балабақшада 19-23 маусым аралығында «Табиғат және біз» апталығы өтті. Өткізілген шараларға барлық топтар белсенді қатысты, әсіресе, «Жаз Феясы» бейнесіндегі тәрбиеші А.С.Ізжанова дайындап өткізген «Жазғы табиғат» викторинасы балалар есіне сақталып қалды. Балалар үш топқа бөлінді: «Құстар», «Көбелектер», «Гүлдер», әр топтың өз капитаны болды. Балалар викторина барысында жаз белгілері туралы жұмбақтар шешіп, жаз туралы мақал – мәтелдердің мәнін ашып, «Кім жылдам гүлді жинайды» ойынын ойнады, сонымен қатар, жаз туралы әндер шырқап, тақпақтар айтты. Капитандар «Экологиялық белгілердің білгірлері» конкурсында терең білімдерін көрсетіп, Феяның қойған сұрақтарына оңай жауап берді. Әр орындалған тапсырма үшін команда гүл алып отырды, ол гүлдер викторина соңында әдемі гүл шоғына айналды. Ойын барысында барлық командалар терең білімдерін көрсетті, соңында достық жеңді!