Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
630590
Адрес: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 - 19.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Денсаулық сақтаудың жаңа технологиясын оқу үрдісінде пайдалану
15-10-2014 08:22
Денсаулық сақтаудың жаңа технологиясын оқу үрдісінде пайдалану

 

«№ 10 сәбилер бақшасы» ПМБАИ курс тыңдаушыларың

қарсы алды.

2014 жылдың    15 қазан күні  Павлодар қаласының   «№10 сәбилер  бақшасында» Павлодар облысы педагог мамандарының біліктілігін  арттыру  институтының  курс тыңдаушыларына арналған   « Денсаулық сақтаудың жаңа технологиясын оқу үрдісінде пайдалану» атты тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинарға   қалалық бақшаларының  дене шынықтыру нұсқаушылары қатысты.

Ең алдымен  балабақша  директоры Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова  сәбилер  бақшасының  жағдайымен  таныстырып , мәліметтер берді.

Бірінші тәңертеңгі жаттығуларды Даярлық «Б» тобының тәрбиешісі Майра Науқанқызы Қамайлянова өз тобының балаларымен көрсетті.                                                                                                      Бірінші сабақты   жоғары санаттағы дене шынықтыру нұсқаушысы Роза Қазизқызы Есмұханова  «Доп, хоп және мен » тақырыбында  ашық сабақ көрсетті. Хоптарды қолдану арқылы дәрстүрден тыс сабағымен таныстырып, қызықтырып   көрсетті. Балалар сабақтын жоғары тығыздығы мен қарқыны арқылы сергектік күш – қуат алды. Әдістемелік жағынан  дұрыс құрастырылған және сабақта дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологияларды қолданды.

Екінші сабақты дене шынықтыру мұғалімі Серік Ағыбайұлы Құрманғазинов көрсетті. Тақарыбы: «Жарқын түсті көңілді резинкалар». Берілген  жаттығулары  бағдарламаның талаптарына сай. Серік Ағыбайұлының дауыс ырғағы  балалаларға  нақты  және түсінікті болды. Балалармен сабақта «Аққұтандар мен бақалар» ойыны ойналды. Балалардың сабақта көңіл күйлері көтеріңкі болды.

«№10 сәбилер бақшасы»