Телефон доверия
630590
Адрес: Ткачева 15/1
630503 630590
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
№ 10 сәбилер бақшасы
28-01-2010 18:00
№ 10 сәбилер бақшасы

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. Білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге екпін беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Осы мәселе бойынша «Өзіндік таным – рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі» атты тақырыбында қаңтардың 28 күні Павлодар қаласындағы Балалардың құқығын қорғау департаменті, отбасы жағдайындағы балалар үйінің өкілдері және ата-аналарымыздың қатысуымен облыстық семинар өтті. Жалпы семинар үш кезең бойынша жоспарланды.

Бірінші: «Визиттік карточка» №10 сәбилер бақшасының директоры

Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова келген қонақтарды бақшаның тарихымен, жасалған жағдайымен таныстырып, «Өзін-өзі тану» алаңы бойынша мәлімет берді.

Екінші кезең бойынша тәжірибесі мол «Өзін-өзі тану» пән мұғалімі

Торғын Құдайбергенқызы Хамитова «Асыл қасиеттер» тақырыбы бойынша сабағын көрсетті. Сабақ күнделікті сабақтай емес, сайыс түрінде өтті. Сайыс барысында балалар өздерінің тапқыр, алғыр, шыншыл, сонымен қатар мейірімділік, қамқорлық, сыйластық жалпы адамгершілік қасиеттерінің дамығанын жауаптарынан, қылықтарынан көруге болды. Әсіресе «Тыныштық сәтінде» балалар жағымды ойға, сезімге беріліп, кейін әңгімелерін тыңдай келе, бала қиялының қаншалықты бай екенін аңғардық.

Ал үшінші кезеңінде психолог Жанат Қайдарқызы Қабылдина семинарға қатысқан ата-аналар мен және педагогтармен «Адамгершілік-адамның нұрлы шуағы» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында баланың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсаты көзделді. Ата-аналар мен педагогтарға әртүрлі тапсырмалар берілді. «Мен кіммін?», « Дауыс ырғақтың сиқыры», «Көпірден өту» деген сияқты, сонымен бірге әртүрлі жағдаяттарға байланысты да тапсырмалар болды. Осы тапсырмалар практикалық жолмен көрсетілді. Тренинг өте көңілді, тартымды өтті. Психолог Жанат Қайдарқызы әр ата-ана және педагогтармен тіл табысып, көңілдерінен шыға білді.

Семинар соңында келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.