2019 жылдың 22 қарашасы күні №10 сәбилер бақшасы «ZamanStar» білім беру орталығында қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша, қала балабақшаларының мектепалды топтарына семинар өтті. Семинардың кіріспе бөлімінің басшы Б.К.Темирбекова ашып балабақша туралы мағлұмат берді. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері К.М.Рахымжанованың қатысуымен өткен семинар ұйымдастырылған әрекеттен басталды.
Семинар тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық –зерттеу белсенділіктерін дамыту». Mектепке дейінгі білім беру дамыту орталығы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мен оларды STEM оқыту құралдары арқылы ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулимыз. Осы бағытта тәрбие мен оқытудың жұмыс жоспарына, вариативтік компонент бөліміне лего-құрастыру, робототехника, мультстудия ұйымдастыру іс-әрекет еңгізілді. Мульт студияда мектеп алды топпен тәрбиеші Г.Б.Баймаханбетова сиқырлы әлемге саяхаттап, мультсериал жасап, интербелсенді тақта арқылы ашық көрсетілім көрсетті. Робото-Смарт сутдиясында пән мұғалімі С.И.Смаилова «Майло» ғылыми-зерттеу роботы атты ашық көрсетіп, робот жасай отырып, балалардың қызығушылықтарын оята білді. «Lego студиясында тәрбиеші А.М.Жапарова супер маркетте саяхаттай отырып, балалармен лего бөлшектерінен заттар жасап супер маркетке саяхаттап келды. Әдіскер Г.С.Нурахметова Сингапур әдістемесі жайлы ақпарат айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
