ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Жарақаттануды болдырмау үшін ата-аналар өз балаларын тұрғын үйлер мен ғимараттардың жанында болу, мұз сүңгілердің пайда болуы және шатырлардан қардың еруі мүмкін болған жағдайда ережелерді сақтауға үйрету қажет.
Балаларға үйлердің шатырлары ернеулерінің астында жылымық кезінде ойындардың қауіптілігін түсіндіру, олардың осы жерлерде болуын болдырмау қажет. Шанадағы, балалар арбасындағы кішкентай балалармен таза ауада серуендеу кезінде оларды қараусыз қалдырмаңыз және мұз, қар блоктарының, үлкен сүңгілердің шатырларынан құлауы мүмкін жерлерде олармен бірге болмаңыз.
Абай болыңыз және сақ болыңыз, көшелермен жүргенде үйлерден алыс болыңыз, ғимараттардың жанында автокөліктерді тұраққа қоймаңыз. Егер сіз қандай да бір төбеде қар үйіндісі немесе сүңгі қауіп төндіріп тұрғанын байқасаңыз, дереу қоңырау шалыңыз және осы факт туралы осы ғимаратты пайдалануды жүзеге асыратын ұйымға хабарлаңыз!