Павлодар қаласында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2026» республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқауды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастырды. Байқауға қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 9 педагогі қатысты. Қатысушылар екі кезеңнен өтіп, кәсіби портфолиоларын ұсынды және бейтаныс балалар топтарында цифрлық технологияларды қолдана отырып, ашық кіріктірілген сабақтар өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды №42 балабақшаның тәрбиешісі Макенова Гулистан Серіковна иеленді. II орын осы мекеменің тәрбиешісі Николаева Галина Владимировнаға берілді. III орынды №104 балабақшаның логопеді Каирбаева Жанара Жұмабековна алды.
«Өнерлі педагог» номинациясы бойынша №44 балабақшаның тәрбиешісі Амирина Алмагүл Қажыбаевна марапатталды, ал «Креативті педагог» номинациясы №8 балабақшаның тәрбиешісі Мейрам Айгүл Егеубаевнаға табысталды.
Қалалық кезеңнің жеңімпазы байқаудың облыстық кезеңінде Павлодар қаласының намысын қорғайды.
