ҚазақстанРеспубликасыныңЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлайды
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2019 жылғы 23 қыркүйекете мақұлданғандығын хабарлайды.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің 12-жолы басқа жаңа қызметке ауыстырылды). Сәйкесіншеаталғанөзгерістердіңқолданысқаенгізілуіненкейіназаматтардантұрғылықтыжеріненмекенжайанықтамаларынталапетілуінболдырмауқажет.
Осыған байланысты, барлық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелер мен жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері, мемлекеттік емес ұйымдар мен халық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, шетел ұйымдары мен шетел компаниялары арасында кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.
Осылайша, барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттықкомпаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.
Вице-министр А. Оспанов