Зияткерлік ойын

Біздің балабақшаның базасында "Ұлттық салт - дәстүрді қаншалықты білесіңдер?" зияткерлік ойын өтті. Зияткерлік ойынға №112 және №86 балабақшалар қатысты. Мұғалімдер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы өз білімдерін көрсетті. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен, тәтті сыйлықтармен марапатталды және №112 сәбилер бақшасының қазақ тілі оқытушыларының атынан естелік кәдесыйлар алды. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі оқытушылары Ж.И. Туркубаева мен А.А. Ахметбекова