Павлодар қаласы білім беру бөлімі,«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» МҚКК 2-13 қараша аралығында дүниежүзілік балалар Күніне арналған «Менің бақытты отбасым» қалалық қашықтық конкурсы өткізілді.Мақсаты – отбасында баланың шығармашылық мүмкіншілігін ашу, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын тәрбиелеу. Конкурсқа қаланың 25 мектебінен (№ 1, 6, 7, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 28, 29, 30, 33, 34, 36, 37, 39, 43, К. Макпалеев, Б. Момышұлы, М. Әуезов, Кенжекөл ЖОМ) 121 оқушы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша 63 қатысушы жүлделі орын алды, оның ішінде I орын - 4 оқушы, ІІ орын - 23 оқушы, ІІІ орын - 36 оқушы.
I орынға № 1 мектептің 7 сынып оқушысы Оркенова Балнур, № 18 мектептің 2 сынып оқушысы Аюпов Равиль, № 39 мектептің 1 сынып оқушысы Трутов Роман, № 43 мектептің 3 сынып оқушысы Долговец Руслан ие болды.
Балнур өзінің «Адамгершіліктің ордасы - отбасы» бейнеролигінде спорттағы жетістіктері мен өзінің қызығушылықтары туралы айтты. Ол 10 жасында тхэквондобойынша әлем чемпионы,11жасында -Европа чемпионыатанды. Равиль жан-жақты дамыған бала. Өзінің «Менің отбасым - менің тірегім» бейнеролигінде ол өзінің тек оқудағы жетістіктері ғана емес,футболбойынша да жетістіктерін көрсетті. Романның бейнеролигі позитив және ықыласпен зарядталған. Оның отбасы саяхатпен шұғылданады, Романның өзі ат спортымен шұғылданады. Руслан спорттық-балл биі бойынша облыстық чемпионат жүлдегері,жүзумен айналысады. Қозғалыс және спорт – оның отбасының басты ұраны.
II орынға №1, 18, 19,23, 28, 33, 34, 37, К. Макпалеев, Б.Момышұлы, М.Әуезов,Кенжекөл ЖОМ оқушылары, III орынға - №1, 6, 14, 16, 17, 18, 19,28, 29, 30, 33, 36, 37, 39, К. Макпалеев, Б. Момышұлы, М. Әуезов, Кенжекөл ЖОМ оқушылары ие болды.