Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
І ОБЛЫСТЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
15-03-2021 13:30
І ОБЛЫСТЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2021 жылдың 12 наурызында 8-11 сынып оқушыларына арналған I облыстық гуманитарлық олимпиада өткізілді. Пандемияға байланысты олимпиада онлайн режимінде Goоgle-disk платформасында өтті.

Бұл зияткерлік іс-шара- Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті бойынша білімді жүйелеуге, мектеп бағдарламасына енбеген көркем шығармалармен танысуға бағытталған пәнаралық олимпиада. Олимпиада оқушылардың күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілеттілігінде, сондай-ақ нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білуінде жеке жарыс болып табылады.

Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуының және қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болып табылатын оқушылардың оқу мәдениетін дамыту; өз халқының тарихына және туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттыру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау.

Облыстың және аудандардың мамандандырылған мектептерінен        148 оқушы және қалалық турдың жеңімпаздары Павлодар қаласының № 2 (2),  9, 16, 17, 19 (2), 39 жалпы білім беретін мектептерінен 8 оқушы қатысты.

Олимпиада екі турда өткізілді: І – тест түрінде 25 сұраққа жауап беру және    ІІ кезең – эссе жазу.   "Алмасқылыш "романында қазақ хандығының құрылуы: тарихи ақиқат, көркем шешім"," Жанталас "романында Абылай ханның бейнесі: тарихи тұлға және көркем образ", И .Есенберлиннің" Көшпенділер" трилогиясы бойынша "Қаһарман "романында халықтың тәуелсіздігі үшін күрес: тарихи-танымдық және эстетикалық мәні" тақырыптарының үшеуінің біріне жазылды. Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

8 сынып оқушылары арасында ІІ орынды № 2 мектеп оқушысы Дүйсембаева Томирис иеленді;

9 сынып оқушылары арасында ІІ орынды № 2 мектеп оқушысы Аделя Акишпаева иеленді;

10 сынып оқушылары арасында ІІІ орын жүлдегерлері  № 39 ЖОМ оқушысы  Жумаканова Жұлдыз және № 19 ЖОМ оқушысы Найманбаева Нұргүл;

11 сынып оқушылары арасында ІІ орынды № 19 мектеп оқушысы Аделя Досаева иеленді.

Томирис өзінің "Жанталас "романындағы Абылай хан бейнесі: тарихи тұлға және көркем образ" атты эссесінде роман призмасы арқылы тарихи фактілерге деген өзіндік көзқарасымен,баяндаудың өзіндік стилімен, оқиғаларды талдау және бағалау элементтерімен, қарапайым баяндаудың болмауымен ерекшеленеді. Аделя Досаева "Қаһарман "романындағы халықтың тәуелсіздігі үшін күрес: тарихи-танымдық және эстетикалық мәні" атты эссе жазып, қазіргі заманмен мазмұнды, сауатты байланыстырды, жазбаша пайымдау жасай алды, қазақтардың тәуелсіздігі тақырыбы бойынша қазіргі заманғы тарихи зерттеулердің мысалын келтірді. Эсседе айтылған тезистердің дәлелі бар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталады.