Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 1 наурызда "Менің Отаныма-менің бастамам" облыстық қашықтықтан шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты - дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастар бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 сыныптарынан 84 оқушы қатысты.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: "Жақсылық керуені", "Отаным - қасиетті туған жерім", "Мен – Қазақстан азаматымын", "Менің ашық университеттерім", "Менің кіші Отаным", "Қазақстанның жеті кереметі", "Қазақстанның 100 жаңа есімі", "Жаңғыру полюсі", "Киіз үй – әлемнің үлгісі", «Менің отбасым»: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар".
Байқау қорытындысы бойынша 37 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын – 10, II орын – 12, III орын – 15.
I дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ Тезекбаев Мадияр, Қанағатқызы Толғанай, № 6 ЖОМ Массальская Александра, Мурга Ксения, М.Әлімбаев атындағы ЖОМ Нұрғали Асылхан, № 21 ЖОМ Аспандиярова Даяна, № 33 ЖОМ Есмаганбетова Назерке, Булуева Ригина,№ 34 ЖОМ Бережной Артур, №41 ЖОМ Чапалова Юлианна марапатталды.
II орын алғандар- № 2, № 21 (2), № 26, № 33 (3), № 34 (2), № 41, № 20 Б. Момышұлы атындағы ЖОМ,20- мектеп-лицейі.
III орын берілді - № 2, № 5 (2), № 11, № 18, № 19, № 28, № 34, № 36, № 39 (2), Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ, № 16, 20 мектеп-лицейі.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны" орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқау жеңімпаздары 2022 жылдың 14-18 наурыз аралығында өтетін облыстық кезеңге қатысады.