7-8 сынып оқушыларына арналған гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасы 2022 жылғы 14-15 желтоқсан аралығында Павлодар қаласының №7 мектебінде сағат 15.00-де өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты-жоғары деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды даярлау жүйесін жетілдіру және гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалық резерв құру.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын, неміс, француз тілдері.
Олимпиада жазбаша түрде өткізіледі: эссе жазу және әр пән бойынша тест тапсырмаларын орындау
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.