6 наурыз сағат 10.00-де №7 мектепте Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық оқуларының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақстандық жазушылардың өмірі мен шығармашылығын білу.
Мектеп кезеңінің жеңімпаздары, 8-11 сынып 67 оқушылары қатысады. Оқулар төрт номинация бойынша өтеді: «Алдыма өлен жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы», «Білімді зерек адам болам!» - десен, Қара өзінді басқаның айнасымен», «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары» және Ұлы даланың ұлы есімдері».
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қалалық оқу кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.