Щучинск қаласының«Щучинск» шипажайында2024 жылғы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша "Зерде" ХІХ Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Ережеге сәйкес зерттеу жұмыстарын қорғау 7 секция бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер. Ең мықты атағы үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 2-7 сыныптың 300 - ден астам жас зерттеушілері жарысты. Павлодар облысынан 19 оқушы, облыстық турдың жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 3 оқушысы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 3 павлодарлық оқушы жүлделі орындарға ие болды.
ІІ орынды № 17 орта мектептің 7 сынып оқушысы Тұрсынова Мерей "Орыс тілі мен әдебиеті" секциясында және Жестовский Матвей мен Сокрут Артем № 14 орта мектебінің 3 сынып оқушыларының "Технология және өнер"секциясында командалық жұмысы иеленді. Жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.