Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Көптілділік бойынша облыстық олимпиада
17-10-2024 11:12
Көптілділік бойынша облыстық олимпиада

«Ертіс  дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров университетімен бірлесіп 2024 жылғы 16 қазанда 9-11 сынып оқушылары арасында көптілділіктен облыстық олимпиада өткізді, оған Павлодар қаласының   мектептерінен 5 оқушы қатысты.

Олимпиаданың  мақсаты   мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында интеллектуалды көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру; оқушылардың қазақ, орыс және шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыру.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен М. Жүсіп ат. орта мектептің 10 сынып оқушысы Садвакасова Баян және № 29 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жасқайрат Камила  марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен Ә. Бөкейхан ат. мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Кендібай Жаннұр марапатталды.

Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша Жасқайрат Камилеге университет ректоры Торайғыровтың гранты табысталды.