Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Неміс тілінен республикалық олимпиаданың қола жүлдегері
25-04-2025 13:23
Неміс тілінен республикалық олимпиаданың қола жүлдегері

2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында ағылшын, француз және неміс тілдерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиада Көкшетау қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.

Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларынан 175 оқушы қатысты. Павлодар облысынан  облыстық кезеңнің 11 жеңімпаз бен жүлдегеріқатысты. Сонымен қатар неміс тілі пәні бойынша № 39 жалпы білім беретін орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сәдуақасов Фархат пен 11 сынып оқушысы Кремер Милана.

Республикалық олимпиада жазбаша және ауызша турлардан тұрды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Сәдуақасов Фархат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қола медалі мен III дәрежелі дипломын иеленді. Кремер Милана Құрмет грамотасымен марапатталды.

Фархатты, Милананы және мектеп әкімшілігін жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!