Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесіп 2025 жылдың 14-16 мамыр аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» V республикалық байқауының қорытынды кезеңі Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыкалық мектебінде өткізілді.
Мақсаты – қазақ жазушыларының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ классикалық әдебиетін зерттеуге қызығушылықты арттыру.
Павлодар облысынан байқауға 8 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының 2 оқушысы - қалалық, облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» кезеңінің жеңімпаздары: Солтанмұрат Айяулым, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектептің 11 сынып оқушысы және Орал Гульден, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 11 сынып оқушысы.
Байқау қорытындысы бойынша «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында - Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы Солтанмурат Айяулым - I орынға және«Мәшһур Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағытында – М.Жүсіп атындағы мектебінің оқушысы Орал Гульден - II орынға ие болды Қатысушылар үшін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне саяхат ұйымдастырылды.
